ЕҚДБ Қазақстанда ЖІӨ көрсеткішінің өсуін болжады
Бұдан бұрын, яғни осы жылдың мамыр айында ЕҚДБ Қазақстанның ЖІӨ-і 2,4 пайызға өсетінін болжаған болатын. Банк экспорттың артуын, өндірістің қалпына келіп, шикізатқа деген бағаның тұрақталуын ескере отырып, 2017 жылға арналған экономикалық өсімге қатысты болжамын қайта қараған.
Сонымен бірге, өсімнің негізгі себептері де аталды. Нақтырақ айтқанда, мұнай өндірісінің артуы, ыңғайлы бағалар, шынайы кірістер өсімінің қайта жандануы, құрылыстың қарқын алуы, ауыл шаруашылығы мен көлік саласындағы белсенді жұмыстар себеп болған.
Банктің тұжырымына сәйкес, Қазақстандағы банк секторының үйлесімі проблемалық несиелердің ірі портфельдері бойынша банктердің балансының тазаруына мұрындық болады.
ЕҚДБ болжамына сәйкес, Қазақстанда инфляция деңгейі 6-8 пайыз шамасында болады.