15:51, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Екі апталық акцияда Өскеменнің көшелеріне 56 мың түп ағаш отырғызылды
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Қала басшылары халықты ағаш отырғызуға шақырды және жаңа көшеттерді отырғызуды ұйымдастырды.

Екі апталық акцияның қорытындылары шығарылды: қалалықтардың жаппай жұмылуының арқасында 56 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі Ислам Әбішевтің айтуынша, әрбір өскемендік өз ағашын отырғыза алады, ең бастысы оған деген ниеті болуы керек, «ал біздер барлық ұйымдастыру шараларын мойнымызға алдық». Ендігі жерде оларды күтіп-баптау ортақ міндет болуы тиіс.