Екі ай бойы туннель қазған тонаушыларды полицейлер банкте күтіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия полициясы банктерді тонауды кәсіпке айналдырған тонаушылар тобын ұстады.
Төрт ай ішінде олар 300 миллионнан астам ақша сақталған ұлттық банктің бас ғимаратына қарай туннель қазумен айналысқан. Полиция қызметкерлері Сан-Паулоның оңтүстігіндегі ұрылардың жатағы мен Бразилия банкінің филиалын байланыстыратын ұзындығы 500 метр туннельді анықтады. Ұрлық жасалатын болса, ол тарихтағы ең ірі тонаушылық болар еді, деп жазды Daily Mail.
Тонау жоспары ұзақ уақыт жасалған және қылмыскерлер 300 миллион долларды жымқырамыз деген үмітпен туннельді қазу жұмысына миллион доллардай қаражат жұмсаған. 16 адамнан тұратын банда қазіргі уақытта қамауға алынды.