12:31, 02 Тамыз 2017 | GMT +5
Екі бөтелкелесін өлтіріп, экскаватормен көміп тастаған
АСТАНА. ҚазАқпарат -Жергілікті өндірістік базада жұмыс істейтін Коғалым қаласының 1986 жылғы тұрғыны полицияға бірге спиртті ішімдік ішкен екі әріптесін өлтіргенін мәлім етті.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мәлімдеушінің түсініктемелерін тексеріп, база аумағынан денелерінде күштеп өлтірілген белгілері бар екі адамның мәйітін тауып алды, делінген РФ Ханты-Мансийский автономды округі бойынша ТК тергеу басқармасының сайтында жарияланған хабарламада.
Кісі өлтіргенін мойындаған азамат мәйіттерден қалай құтылуды ойлап, оларды база экскаваторын пайдалана отырып, көміп тастаған.
Қазіргі уақытта ер азаматтың ісіне қатысты жаза тағайындалды. Ол қамауға алынды.