10:41, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Екі Корея соңғы екі жылдағы алғашқы әскери келіссөздерді бастады
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея бейсенбі күні жұмыс топтарының деңгейінде соңғы екі жылдағы алғашқы әскери келіссөздерін бастады.
Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі оңтүстіккорейлік әскери ведомствоға сілтеме жасап хабарлады.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, кездесу екі мемлекеттік арасындағы қарусыздандырылған аумақта орналасқан Пханмунджом келіссөз бекетінде өтуде.
Осындай кездесу өткізу туралы ұсыныс қыркүйектің 16-сында КХДР тарабынан түскен болатын. Келіссөзге арқау болатын негізгі тақырып - қос Кореяның Сары теңіздегі даулы шекарасы болады, деп пайымдалуда.