Екі күннің ішінде қарағандылықтарға 18,9 тонна ет, 68 тонна картоп пен көкөністер сатылды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы Жаңа жылдың көне символы ғана емес, береке мен молшылықтың мерекесі болып табылады.
None
None

Қарағандыда 21-22 наурыз күндері өткен жәрмеңкелер осыған дәлел. Облыстың ауылдық тауар өндірушілері, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері онда еңбектерінің жемістерін ұсынды. Бұл туралы Қарағанды әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

21 наурызда бұл жәрмеңкелерде қалалықтарға Абай, Бұқаржырау және Қарқаралы аудандарының тауар өндірушілері, сондай-ақ Қарағандының кәсіпкерлері мен кәсіпорындары ұсынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл күні барлығы 9,6 тонна ет, 75 мың дана жұмыртқа, 2 тонна сүт өнімдері, 41 тонна картоп және көкөніс жеткізілді.

22 наурызда жәрмеңкеге Қарағандының кәсіпкерлерімен және кәсіпорындарымен бірге Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра және Шет аудандарының тауар өндірушілері қатысты. 9,3 тонна ет, 75 мың дана жұмыртқа, 2 тоннадан астам сүт өнімдері, 27 тонна картоп және көкөніс сатылды.

Жалпы алғанда екі күннің ішінде қарағандылықтар мен қала қонақтарына 18,9 тонна ет, 150 мың дана жұмыртқа, 68 тонна картоп пен көкөніс сатылды.

Бұл ретте, ет өнімдерінің бағасы базардағыдан орташа алғанда 12 пайызға, жұмыртқа - 15 пайызға, сүт өнімдері - 16 пайызға, картоп пен көкөніс - 23 пайызға арзан болды.

Соңғы жаңалықтар