Екі облыстағы жол учаскесінде қозғалысқа енгізілген шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі облыстағы жол учаскесінде қозғалысқа енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды QazAvtoJol баспасөз қызметі.
None

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының жақсаруына байланысты Тимирязев ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде және Қостанай облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі аралықта қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.
Ал Қостанай облысында республикалық маңызы бар М-36 «РФ (Екатеринбургке) - Алматы» тасжолының Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі аралығы ашық.


Соңғы жаңалықтар