Екі Ресей азаматы жол-көлік апатының салдарынан қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Алматы-Екатеринбург тас жолында екі ресейлік жол-көлік апатының салдарынан көз жұмды.
None
None

Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, апат 1 желтоқсан күні 24.00-де Алматы-Екатеринбург тас жолында болған көрінеді. Ағалы-қарындас ресейліктер «ВАЗ-21124»маркалы көлікте Қостанай қаласына тойға барар жолда апатқа ұшыраған. 25 жасар жүргізуші қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамай, басқару тетігіне ие бола алмаған. Соның салдарынан қарсы жолға шығып «Тойота Королла» маркалы көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың Ресей азаматтары екені анықталды.

«Тайота» маркалы көліктің 38 жасар жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар