Екі рет көлік астына түскен әйелдің жағдайы жайлы дәрігерлер айтып берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі рет көлік астына түскен әйелдің жағдайы жайлы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы келіншек №7 қалалық ауруханада жатыр.
«Көлік апаты салдарынан әйел ашық бас ми жарақаты, бастағы жұмсақ тіндердің сызаты, сол жақ иығы буынының, оң жақ табанының жұмсақ тіндері жараланған, жабық көкірек жарақатымен ауруханаға түскен. Келген кезде келіншекте 1 дәрежелі шок байқалған», - деді баспасөз қызметінен.
Қазігі таңда әйел жансақтау бөлімінен политжарақат бөліміне ауыстырылды.
Айта кету керек, жол апаты 24 маусымда болған.
Опель Вектра көлігі көшенің шетінде тұрған әйелді қағып кеткен. Соққыдан 5 метр жерге ұшып кеткен әйелді тоқтай алмаған келесі көлік басып өткен.
«Аталған дерекке байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жапа шеккен адамға келтірілген жарақат деңгейіне қарай процессуалдық шешім қабылданады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Абдрахманов.