17:30, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Екі шетелдік азаматша қоғамдық орында мазаны алғаны үшін Қазақстаннан шығарылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі ресейлік әйел қоғамдық орында мазаны алғаны үшін ҚР аумағынан шығарылды, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.
«Ресей Федерациясының азаматшалары болып табылатын екі жас сыған әйелі Қарабалық ауданына келген. Мұнда олардың туыстары да, таныстары да жоқ. Олар бұл жерде қайыр сұраумен айналысқан», - делінген хабарламада.
Қарабалық ауданының орталығында олар ауыл тұрғындарының мазасын алып, ақша немесе азық-түлік түрінде қайыр сұраған. Қарабалық аудандық соты ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөліміне (қоғамдық орындарда мазаны алу) сәйкес оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөнінде қаулы қабылдады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.