Екі тиындық монета үшін 5 жылға соттала жаздап, 560 доллармен құтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1823 жылғы екі тиындық монета контрабандасы үшін айыпталған ресейлік Татьяна Хужинаға бес мың сомони (560 доллар) айыппұл салынды. 

Екі тиындық монета үшін 5 жылға соттала жаздап, 560 доллармен құтылды

Тәжікстан соты осындай шешім қабылдады.

Айта кетейік, РФ азаматшасы Душанбе әуежайында ұсталған еді. Тексеру кезінде оның әмиянынан патшалық Ресей кезеңіне тиесілі екі тиындық монета табылған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері монета тарихи-мәдени құндылыққа ие деп шешкен. Татьяна Хужина  сол жерде қамауға алынды.

Бастапқыда оған бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.