Екі жасар бала жетінші қабаттан құлап, қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында екі жасар бала 7-ші қабаттан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдай Қарасай ауданында болған деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жасар бала жетінші қабаттан құлап, қаза тапты

Оқиға кеше кешкісін болған. Бұл жөнінде куəгердің сөзін Dudar Tazsha  Фейсбуктағы парақшасында жазады. 

Оның көршісінің айтуынша, қайғылы жағдай "Асыл Арман" көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған. Ол екі жасар баланың көз алдында жетінші қабаттан құлағанын көрген. Өкінішке орай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған фактіні растады жəне тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мəлім етті.