Екі жігіт ауылдасын өлтіріп, айдалада көміп тастаған - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері осыдан екі ай бұрын жасалған қанды қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Екі жігіт ауылдасын өлтіріп, айдалада көміп тастаған - ҚР ІІМ

Оның хабарлауынша, қыркүйек айының соңында із-түссіз жоғалып кеткен 35 жастағы Шыңғырлау кентінің тұрғынын іздеу шараларына полицияның барлық күштері жұмылдырылған болатын. Қылмыстық істі ашу кезінде жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 23 пен 24-жастағы кент тұрғындарын қолға түсірді. «Күдіктілер кенттен үш шақырым шалғай жердегі өзен маңында жәбірленушіні өлгенше ұрып-соғып, қылмыстың ізін жасыру мақсатымен оның денесін айдалаға апарып, көміп тастаған. Мәйіт ауылдан 20 шақырым жерден табылды. «Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Дәлелдік базаны нығайту мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», - дейді Н.Ораз.