Екі жылда елімізде 324 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған - Е.Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 жылда Ұлттық қор қаражаты есебінен Қазақстанда 324 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй салынады, деп мәлімдеді ҚР Үкіметі отырысы барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Ерболат Досаев.
None
None

«2016 жылғы 10 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы Ұлттық қордан арендалық және несиелік тұрғын үй салуға қосымша 113 млрд теңге бөлінді. Барлығы аталған қаражат есебінен 2016-2017 жылдары 324 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді және 369,5 мың шаршы метр несиелік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған», - деді Е.Досаев.

Холдинг басшысының айтуынша, 2016 жылдың соңына дейін аталған бағыт бойынша 88 млрд теңге игеріледі деп күтілуде. 

«2016 жылы 326 мың шаршы метр құрылыс жоспары кезінде бүгінгі таңда 371 мың шаршы метр тұрғын үй салу туралы келісімдерге қол қойылды, ол 6521 пәтерді құрайды. 2016 жылдың соңына ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат бойынша игеру болжамы 115 млрд теңгені немесе 100%-ды құрайды», - деп түсіндірді ол. 

Соңғы жаңалықтар