Екібастұз әкімі ардагерлерге қаланың 55 жылдығына дайындық туралы айтып берді

Өткен жылдары танымал болған кеншілер, құрылысшылар, энергетиктер бүгінгі күні де қоғамдық өмірге белсене атсалысуда. Олар «Жұмыспен қамту-2020», «Моноқалаларды дамыту», «Тұрғын үй-коммнуалдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламаларының орындалуы, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша нысандарды салу туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап өтті.
«Біз сіздерді жаңғыртылып жатқан барлық жаңа және ескі кәсіпорындармен таныстырып отырамыз», - деп уәде етті әкім.
Ардагерлер мен қала басшысы Екібастұз қаласының 55 жылдығын атап өту жоспарларын ерекше қызығушылықпен талқылап өтті. Мерейтойға қарсы көшелер мен саябақтар абаттандырылады. Қаланың орталығындағы саябақ заманауи ландшафтық дизайн элементтерімен көркейтіледі, бұл жерге балалардың ойын және стритбол алаңдары салынады. Құрылысы жүріп жатқан жаңа музыкалық мектеп ғимараты тамаша сыйлық болмақ. Ол көміршілер мен энергетиктер қаласының сәулет көркіне айналады.