Екібастұз әкімінің шыршасына 2 мыңнан астам бала қатысты

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның   30-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз  қаласының  әкімі    Нұрлан  Нәбиев жетім балаларға,   дарынды  балаларға,   мүмкіндіктері шектеулі балаларға,    тұрмысы  төмен   және көпбалалы  отбасылардың балаларына арнап  қайырымдылық   жаңажылдық шыршасын    өткізді, 
None
None

 деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

2 мыңнан  астам      ұл  мен  қыз       шыршаны  айнала әндер айтты,  би биледі,   Аяз  Атамен    және  Қарша Қызбен     ойындар ойнады.    Балалар  орталықтарының     өнер  ұжымдары       ертеңгіліктерге  қатысқан   балаларға арнап     концерттер    және  ертегі  қойылымдарын  ұсынды.

Балаларды Жаңа жыл мерекесімен  құттықтаған   қала әкімі,    оларға  оқуда  озат,  спортта  шыңдалып,  өнерде  мол жетістіктерге   жетулеріне  тілектестік  білдірді.    Барлық балаға    сыйлықтар  табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар