Екібастұз әкімінің шыршасына мүмкіндіктері шектеулі 480 бала шақырылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Екібастұз әкімі Александр Вербняк мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық шыршасын өткізді,
None
None

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Жаңа жылдық мерекеге «Өнер» қалалық мәдениет орталығына 480 жас қонақ шақырылды. Әкіммен бірге балалар қол ұстасып ән айтып, би биледі, өлеңдер оқып, Аяз Ата мен Ақшақар өткізген маскарад костюмі байқауына қатысты.

Балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған қала әкімі оларға көңілді жаңа жылдық демалыстар, оқуда, шығармашылық фестивальдар мен байқауларда сәттілік, отбасыларына амандық тіледі.

Әрбір балаға сыйлыққа әдемі жұмсақ ойыншық пен тәтті тағамдар салынған пакет берілді.

Мереке театрландырылған көрініспен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар