Екібастұз бен Ақсуда фермерлік базар ашылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде өңірдегі азық-түлікке жататын 11 тауардың бағасы республикалық көрсеткіштен төмен деген дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Агроөнеркісіп кешенінің қарқынды өсуі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына оң әсер етіп жатыр. Азық-түлікке жататын 11 түрлі өнімнің (бірінші сұрыпты ұн мен содан ұннан пісірлген нан, қарақұмық, күнбағыс майы, сиыр еті, майлылығы 2,5% болатын сүт пен айран, сүзбе, картоп, сәбіз) бағасы елдегі орташа бағадан төмен», - деді Асайын Байханов.

Айтуынша, бұл істе өңірдің тұрақтандыру қорының көмегі тиіп отыр. Бұл қор өңірдегі 273 серіктес дүкен арқылы 14 мың тонна өнімді арзандатылған бағамен сатып отыр.

«Өңірде «Өрістен сөреге дейін» қағидаты бойынша азық-түлік сататын мамандандырылған фермерлік базар жұмыс істеп тұр. Енді осындай фермерлік базарларды Екібастұз бен Ақсуда салу жоспарланып отыр», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол бір жылдың ішінде өңірдегі жайылым тапшылығы екі есе азайғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар