Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландырудың шарттары туралы келісімге қол қойылды

Ы. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шілденің 5-де елордада Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогының құрылысын қаржыландырудың шарттары туралы келісімге қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразия даму банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екібастұз ГРЭС-2" АҚ-ның инвестициялық жобасының акционерлері "Самұрық-Энерго" АҚ мен "Интер РАЛ ЕЭС" ААҚ. Жобада қуаты 500 Мвт-ты құрайтын үшінші блогын салу қарастырылған. Оны жүзеге асыруға Еуразия даму банкі мен "Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі" мемлекеттік корпорациясы 15 жылға 770 миллион доллар көлемінде несие бермек. Ал жобаның жалпы құны 800 миллионға жуық долларды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар