Екібастұз қаласында ардагерлерге арналған «Замандас» клубы ашылды

ВЛОДАР. 26 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Екібастұз қаласында ардагерлерге арналған «Замандас» клубы ашылды. Мекеме 600 шаршыметрді құрайды.
None
None

Клубтың ашылу күнінде ардагерлерді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтап, Екібастұздың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Екібастұз аргерлер ұйымында қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген 5 Социалистік Еңбек Ері, «Даңқ» орденінің иегерлері, сонымен қатар атақты кеншілер мен энергетиктер және құрметті қала тұрғындары бар.

«Біздің клуб бос тұрмайды. Екібастұзда 15 мың зейнеткер бар. Бізде шығармашылық ұжымдар жұмыс істейтін болады, оған қоса спорт жарыстарын ұйымдастырамыз. Атақты адамдарды, сондай-ақ облыстың ардагерлер клубынан басқа да әріптестерімізді қонаққа шақырамыз», - деп атап өтті қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Медведев.

Соңғы жаңалықтар