18:14, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Екібастұз қаласында экономикалық әлеуетті емес ауылдардан қоныс аударған 110 отбасы үшін екі үй жаңартылған
БЛЫСЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қаласында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша екі көпқабатты тұрғын үйдің қайта құрылуы аяқталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жуырда болашақ жұмыс істейтін орындарына әлеуетті емес ауылдардан қоныс аударған 110 отбасы коңыс тойын жасайтын болады. Қоңыс аударып келген азаматтар үшін салынып жатқан тұрғын үйге республикалық бюджеттен 385 млн. теңге бөлінген.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының Екібастұз және оның ауыл аймағы бойынша іске асырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіби дайындыққа 570 жұмыссыз жіберілген. Олар мамандық алып, қаланың өндірістік мекемелеріне жұмысқа орналасатын болады.