Екібастұз МАЭС-2-ге 3,4 млн. теңге айыппұл салынды
ГРЭС-2-нің қызметін тексеру шеңберінде:
- Заңның 7-бабының 8, 12 тармақтарын бұза отырып, атап айтқанда МАЭС-2 Үлгі шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін реттеліп көрсетілетін қызметтер (суды магистралдық құбыр жолдар арқылы беру) ұсынуға тұтынушылармен шарттар жасағаны, осылайша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға шарттар жасау кезінде тұтынушылар құқықтарын бұзғаны;
- Заңның 7-бабының 7-2 тармағын бұза отырып, МАЭС-2-нің тарифтік сметаны орындамауына жол беруі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша МАЭС-2-ге қатысты ҚР ӘҚБтК 164-бабының 4 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, қаралды. Көрсетілген бапта 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл түріндегі санкция қарастырылған, ол 3 393 600 теңгені құрайды.
Бұдан басқа, МАЭС-2 атына табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы нұсқама шығарылды. Қазіргі уақытта нұсқама орындалды.