Екібастұз тұрғыны қызын зорлағаны үшін 24 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны өз қызын зорлағаны үшін 24 жылға сотталды.
None
None

Павлодар облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлағаны үшін айыпты деп танылған Екібастұз тұрғындары К. және Я-ға қатысты сот үкімін шығарды. Бірінші сотталушы өзінің 2001 жылы туған қызымен екі жыл бойы (2012-2014) зорлап келген. Я.есімді тұрғын 2012 жылы маусымда К-мен алдын ала сөз байласып, оның жас қызын күштеп зорлаған. Сот үкімімен К. 24 жылға, оның сыбайласы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар