Екібастұз ЖЭО қаңтар айының соңына дейін жұмысын тұрақтандырады – кәсіпорын басшылығы

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-да резервті қазандықтарды жөндеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаровтың айтуынша, 15 қаңтар күні таңертең қазандық агрегаттарының бірінің қосалқы жабдығы жөнделген соң іске қосылды. Қазіргі таңда алты қазандық жұмыс істейді. Температура 77 градусты құрайды.

Үш қазандық жөнделіп жатыр. Станцияда жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүреді.

Д.Захаровтың сөзінше, өткен жылдың қараша айының соңында орын алған апатты жағдайды жою барысында жылу желілеріндегі шығынның орнын толтыру үшін су арнайы тазартудан және жұмсартудан өтпестен сапасыз күйінде берілді. Бұл қала желілеріндегі жылу тасымалдағыштың айналымын сақтау үшін жасалды және желідегі судың үлкен шығыны ескерілген. Аталған шұғыл шаралар су жылыту қазандықтарының жұмысына кері әсерін тигізген.

«Салдарынан қазандық агрегаттарының жоспардан тыс тоқтауы жиілеп кетті. Қалған қазандықтар резервтің болмауына байланысты тиісті регламенттік жұмыстар жүргізілместен жұмыс істеді. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қазандықтар бойынша қажетті резервті қамтамасыз етуге, негізгі және қосалқы жабдықтардың регламенттік жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Қаңтар айының соңына қарай тұтынушыларды жылумен қамту бойынша станциясының тұрақты жұмыс режимі қамтамасыз етіледі», - деді Дмитрий Захаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Екібастұзжылэнерго» ЖШС бас директоры Вадим Лесин ЖЭО-ның тұрақты жұмыс режимін болжау мүмкін емес екенін айтқан еді. Оған себеп – жабдықтардың жай-күйі. Бұл ретте ол станция басшылығы мен «Павлодарэнерго» жағдайды тұрақтандыру үшін бар күш-жігерін салып жатқанына сендірді. Жөндеу бригадалары барлық материалдармен қамтамасыз етілген.

Екібастұз қаласында жөндеу жұмыстарына байланысты көпқабатты және жеке үйлер кезең-кезеңімен әлі жылудан ажыратылып келеді.

27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

28 қараша күні қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Апат себебі ретінде жылу желілерінің тозуы, жылу орталығы басшылығының немқұрайлылығы мен инвестиция жеткіліксіздігі аталды.

7 желтоқсанда барлық көпқабатты үй жылуға қосылғаны мәлім болды.

8 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздағы жылу жүйесін қалпына келтіру 15 желтоқсанға дейін аяқталатынын айтты. Осы күні қалада төтенше жағдай режимі алынды.

12 желтоқсанға дейін 4 жер үйден басқа тұрғын үйлердің барлығына жылу берілді.

Бас прокуратура Екібастұздағы апатты тергеу екі айға дейін созылатынын мәлім етті.


Фото: pavlodarnews.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram