19:29, 18 Ақпан 2023 | GMT +5
                                        Екібастұз ЖЭО-сында зақымдалған құбырды жөндеу аяқталды
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұздағы жылу электр орталығында зақымдалған желілік су құбырын жөндеу аяқталды. Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
                                        
                                        
                                    
                                              «Сағат 16:30-да зақымдалған құбыр бөлігін жөндеу аяқталды. Толық сумен толтырылған соң қазандықтар іске қосылады. Бұл жұмыстарды сағат 20:00-ге дейін аяқтау жоспарланған. Осылайша, станцияда 6 қазандық қайта жұмыс істей бастайды», - делінген кәсіпорын тартқан хабарламада.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, сағат 00:00 шамасында станциядағы жылу беру параметрлері 60/40°С көрсеткішіне жетеді.
Қоса кетсек, бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда қазандықтардың істен шығуы жиілеп кеткенін айтқан болатын.