Екібастұзда 30 адам тамаққа уланып, ауруханаға түсті

АСТАНА.   Шілденің   15-і.  ҚазАқпарат -    Екібастұзда   30 адамның  улану  оқиғасының себебі анықталды, 
None
None

деп   хабарлайды    Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екібастұз  қалалық  инфекциялық ауруханасына шілденің 8-11-і аралығында «инфекциялық  гастроэнтероколит»  диагнозымен  30 адамның түскенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған  болатын.   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінің  ақпараты  бойынша,   аурудың себебі  анықталды -    олар    сапасыз   кондитер өнімдерін  тұтынудың салдарынан  тамаққа уланып қалған,   ауруды қоздырушы  - стафилококк екені анықталып отыр.

Қазір зардап шеккендердің барлығы ем қабылдауда,    азық-түлік  сатылымдарын  бақылау  күшейтіліп отыр.     Шілденің 15-і күнгі сағат 6.00-дағы жағдай  бойынша    9 адам - стационарлық    емдеуде  жатыр,  олардың жағдайы - қанағаттанарлық.

Соңғы жаңалықтар