Екібастұзда 72 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Екібастұз қаласында 72 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл үй «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: «AMANAT» партиясы

Пәтер кілтін Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко және Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин табыстады.


«Кеншілер қаласында құрылыс қарқыны өсіп, дамып келеді. Жақын арада 72 пәтерлік тағы бір тұрғын үй жалға беріледі. 2027 жылдың соңына дейін Екібастұзда 528 пәтерлік 8 үйді салу және оны тапсыру жоспарланған», - деді Илья Теренченко.

Жаңа пәтерлер бұл күнді жылдар бойы күткен кезектегі жандарға берілді. Баспанаға жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар ие болды. 2011 жылдан бері кезекте тұрған Гүлсім Баталова да өз пәтерінің кілтін алды.


«Бұл - менің алғашқы пәтерім. Мұнда ұлыммен бірге тұрамын. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Үйді тезірек тапсыруға көмектескен жадарға алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Айта кетейік, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін өңірде 15 мың пәтер салу жоспарланған. Бұдан басқа, тұрғын алаптарда жеке үйлер салу үшін кемінде 1,3 мың жер учаскесі беріледі. Алдағы 5 жыл ішінде барлығы 20 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар