Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда полицейлер ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша 28 жастағы әйел - автобус кондукторына қатысты сот алды тергеу жүргізуде, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Бұған негіз болған маршруттық автобуста жанжал барысында автобус кондукторы 25 жастағы қала тұрғынына дене жарақатын салған. Ауруханада дәрігерлер оған қолының буыны сынған деген диагноз қойды.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар