17:28, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Екібастұзда балалар театр ұжымдарының «Біз сенің балаларыңбыз, Қазақстан» атты байқау-фестивалі өтті
ПАВЛОДАР. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда «Атамекен» күнінде «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында, мектептің театр үйірмесі мен студия орталықтары ұйымдастырып отырған «Біз сенің балаларыңбыз, Қазақстан» атты байқау-фестиваль өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Іріктеу комиссиясынан бес мектептің театр ұжымдары өтті. №21 мектеп театр үйірмесінің әртістерімен дайындалған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасының желісі бойынша «Мәңгүрт» спектаклі ең үздік деп танылды.
«Қайнар» театр студиясы орталығының «бетперде» қойылымы екінші орынды иеленді.