Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өттіп бара жатқан кен екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 07.45-те Мәшһүр Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында «Hyundai Accent» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
- Олар реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол- көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.