Екібастұзда екі қабатты үйдің шатыры жанып кетті, өрт сөндірілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Екібастұз қаласында көппәтерлі үйден шыққан өрт сөндірілді. Оттың шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Екібастұз қаласында сағат 17:57-де 2-МӨСБ байланыс пультіне М.Жүсіп көшесі, 2 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Адамдар дереу қауіпсіз жерге шығарыла бастады.

«Шақырту бойынша 7 техника мен жеке құрамнан 40 адам жіберілді. Оқиға орнына жеткенде 800 шаршы метр аумақта – шатыр және 8 шаршы метр аумақта 2 балкон жанып жатты. Себебі анықталуда», - делінген Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Екі қабатты үйден 30 адам эвакуацияланды. Оның ішінде жетеуі – балалар.

Сондай-ақ үйден 15 газ баллоны шығарылды. Оның он бірі 27 литрлік болса, төртеуі – 50 және біреуі 5 литрлік баллондар.

Өрттің таралуы сағат 18:43-те оқшауландырылып, 19:41-де толығымен өшірілді.


Соңғы жаңалықтар