17:30, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Екібастұзда ел тәуелсіздігінің құрметіне туымыз тігілді
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда еліміздің Мемлекеттік туы 22 метр биіктікке тігілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

4х8 метр көлемдегі көк туымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне орай көкке көтерілді.
Салтанатты іс-шараға мәслихат депутаттары, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.
Патриоттық тәрбие беретін жобаны жүзеге асырудағы көмегі үшін «Богарыть Көмір» ЖШС ұжымына алғыс айтқан шаһар басшысы Александр Вербняк: «Екібастұздықтар өз елін, оның жетістіктері мен мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады», - деп атап өтті.