Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкеріне оқ атқандар ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкеріне травматикалық қарудан оқ атты деген екі күдікті ұсталды.

Екібастұзда полиция мен прокуратура қызметкеріне оқ атқандар ұсталды

Күдіктілер - 23 жастағы екі жігіт, біреуі Астанадағы жоғары оқу орындарының 5-курс студенті, Екібастұзда жазғы каникулға келген. Екіншісі - жұмыссыз, Екібастұз тұрғыны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 15 шілде күні Екібастұзда Пішембаев көшесінің бойында күдіктілер травматикалық қарудан полиция мен прокуратура қызметкеріне оқ атқан. 

Қылмыстық іс бойынша, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.