Екібастұзда жас мамандарға жұмыс табуға көмектесуде

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Шілденің 9-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Қаныш  Сәтбаев атындағы   Екібастұз  инженерлік-техникалық институтының  520 түлегі  диплом алды,
None
None

деп    хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. 

Қаладағы    орта  арнаулы және  кәсіптік  оқу  орындары  да  биыл 820 маман     шығарып  отыр.    Жастардың   көпшілігі        оқып  жүріп,     жұмыс    тауып алған.   Ал  бос жұмыс орнын  іздеп   жүргендерге   еңбекпен қамту     және  әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі    жұмысқа тұруға көмектесуде. 80  бозбала мен  бойжеткен  жастарға арналған машықтану  тәжірибесіне    жолдама алып  отыр,     олардың кәсіпорындардағы   жұмыстарының ақысы   жарты жыл бойына  бюджет есебінен    төленетін болады.   Жас мамандар      алған білімдерін     тәжірибеде   қолдану мүмкіндігіне ие  болады,    кәсіби дағдыларды игереді  және    ұжыммен танысады.

«Жастардың   машықтану  тәжірибесі» бағдарламасы  бойынша    электр стансаларында жұмыс істегендердің  көбісі   тұрақты жұмысқа  қабылданып   отыр,  деп  хабарлады  Екібастұз  ГРЭС-2 стансасының  кадрлар бөлімінен.

Тұрақты  ұйымдастырылып  отыратын бос    жұмыс орындарының  жәрмеңкелері  де      түлектерге   жұмыс табуға  көмектесуде.

Соңғы жаңалықтар