10:05, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Екібастұзда жол картасы бойынша жолдар, су құбырлары мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп жатыр
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеншілер мен энергетиктар қаласында осы жылы Жол картасы бойынша жолдар, су құбырларының желісі мен әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп жатыр,

барлығы 13 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы Нұрлан Нәбиев мәслихат депутаттарымен бірге жаңартылып жатқан нысандарды аралады. «Өткен жылдармен салыстырғанда екінші деңгейдегі жолдар мен аула аумақтарына көп көңіл бөлінетін болады», - деп атап өтті әкім.
Қаланың бірнеше учаскелерінде су құбырлары жөндеуден өтіп жатыр.
«Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында қалада жолдарды ретке келтіріп, су жеткізу мәселелерінің шешімін тауып, Жол картасы бойынша 465 жұмыс орнын құру мүмкіндігі пайда болды», - дейді Н.Нәбиев.