Екібастұздағы дәмханада болған жарылысты полицейлер тексеріп жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасы «Достық» аялдамасы жанындағы дәмханадағы жарылысқа қатысты сотқа дейнгі тергеуді бастады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Полицейлер төтенше оқиғаны ҚР ҚК 204-бабы бойынша тергеуде, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД. Департаменттің ақпаратына сәйкес дәмханада кәсіп пісіретін мангалға арналған газ баллоны жарылған. Құрбандар жоқ. Алайда екі ер адам зардап шекті, олар ауруханаға жатудан бас тартты.
Газ баллоны бесінші наурызда Екібастұздың бас көшесінде жарылды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Жарылыс кезінде өрт болған жоқ. Инстаграм парақшасына орналастырылған түсірілімге қарағанда, дәмханадағы соққы толқыны терезенің әйнегін қиратқан. Дәмхана қызметкерлері жарақат алды.
Құтқарушылардың деректеріне сәйкес 1979 жылғы Владимир Лимнің беті, екі қолы күйген, 1993 жылғы Владимир Цойдың беті күйген. Алғашқы көмек орталық қалалық ауруханада көрсетілді. Шығын мен жарылыс себебі анықталу үстінде.