Екібастұздағы кәріз тазарту құрылғыларының 85 пайызы тозған - Серікқали Брекешев

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы тазарту құрылғыларының тозуы шамамен 85 пайызды құрайды. Аталған өңір тұрғындарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ескірген кәріз тазарту құрылғыларының проблемасы алаңдаушылық туғызады. Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы тазарту құрылғыларының тозуы шамамен 85 пайызды құрайды. Павлодар қаласында тазартудан кейін Ертіс өзеніне төгу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Өзеннің ластануына жол бермеу мақсатында әкімдік кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту және реконструкциялау жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет. Бұл ретте әкімдікке экологиялық төлемдерден түсетін қаражат есебінен қаржыландыру мәселесін қарастыру орынды деп санаймыз», - деп тоқталды министр.

Кездесу барысында Серікқали Брекешев ғарыштық мониторинг кезінде облыс аумағынан анықталған 165 қоқыс үйіндісінің 93 пайызы кәдеге жаратылды деген әкімдік ақпаратына күмән келтірді.


Фото: ortcom.kz


Соңғы жаңалықтар