17:46, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Екібастұздағы көпбалалы отбасылар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қоныстанушылар атанды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын кеше 10 екібастұздық көпбалалы отбасына төрт және бес бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыстап, оларға бақытты өмір тіледі,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған үйге 30 екібастұздық отбасы қоныстандырылды.
Жалпы ауданы 2591 шаршы метрлік бес қабатты үйде он оннан бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтер бар. Тағы он пәтер үлкен отбасыларға есептелді.