Екібастұздағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұздағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел ауруханада көз жұмды.

Екібастұзда 6 маусымда сағат 23:00-дің шамасында Мәшһүр Жүсіп және Әуезов көшелерінің қиылысында екі автомашинаның қатысуымен жол-көлік апаты болды, деп хабарлады Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.

ВАЗ-21099 машинасының 29 жастағы жүргізушісі солға бұрыла беріп, 25 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Mazda автомашинасына соқтығысты.

ВАЗ машинасындағы жолаушы әйел аяғынан ауыр жарақат атлды. Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді, алайда таңертең қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-ші бабымен соталдындағы тергеу шаралары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

4 3 2  

ФОТО: ekibastuz.kz 

Соңғы жаңалықтар
telegram