Екібастұздық «Шығыс» разрезіндегі жаңа теміржол таразысы сенімділігімен және дәлдігімен ерекшеленеді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ екібастұздық «Шығыс» көмір разрезінде жаңа теміржол таразысын орнатты, деп хабарлады ЕЭК-ның баспасөз қызметінен.
None
None

Жаңа буынның «ВД 30» таразысы бірегей эксплуатациялық және техникалық сипаттамаларға ие. Жаңа жабдық қызмет көрсетуінде өте жеңіл және жүйенің сенімділігін арттырады.

«Бұл модельде қозғалатын бөліктердің жоқ болғаны маңызды болып табылады. Жаңа таразы вагондарды дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді, олар рельстердің температуралық кеңеюлеріне сезімтал емес», - деп атап өтті «Шығыс» разрезінің күрделі жөндеуден өткізу бөлімінің инженер-кураторы Айбек Рахымжанов.

Ескі жабдықтарды ауыстыру үшін компания 60 млн. теңгеден астам қаржыны инвестициялаған.

Соңғы жаңалықтар