Екібастұздықтар көмір кеніші игеріле бастауының 55 жылдығын атап өтеді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Шілденің 15-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -    Биыл  Павлодар облысындағы Екібастұз   көмір  кенішінің  игеріле бастағанына  55 жыл   толады.
None
None

Әлемдегі  ең  ірі кеніштердің  бірі саналатын  Екібастұз   кенішінің   мерейтойын     кеншілер    тамыз  айында,    Шахтер күні қарсаңында  атап  өтеді.

Мерекені  «Шахтерлар даңқы - Екібастұздың айбыны»    деректі фотокөрмесі ашады.    55 жылда     қалада       шахтерлардың  атақты  әулеттері    пайда  болды,  көптеген  кеншілер  жоғары  үкіметтік  наградалар  алды,      үздіктердің есімі  Даңқ  Аллеясына  жазылды.    Осы  жерде   қала   тұрғындарының,  еңбек  ардагерлерінің  қатысуымен    салтанатты митинг  өтеді.

Кәсіби мерекеге   орай     мини-футболдан     спорттық жарыстар,  шахмат турнирі,  ат спорты  ойындары,     өнер ұжымдарының концерттері    ұйымдастырылады.  Мереке  отшашумен  аяқталады.

Соңғы жаңалықтар