10:01, 09 Сәуір 2012 | GMT +5
Екібастұздың 55 жылдығына арналған абаттандыру айлығы басталды
ПАВЛОДАР. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Екібастұзда қаланың 55 жылдығына арналған абаттандыру айлығы басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айлықты өткізу жөніндегі бастаманы «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шығыс» разрезі, Екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 стансасы, «КЕГОК» АҚ мен «Қазақстан Темір жолы» АҚ кәсіпорны қолдады.
Өткен жұмада кәсіпорындардың ұжымдары кеңселеріне, қала саябақтары мен көшелеріне тиесілі учаскелерді тазалады.
Екібастұзда қалалық жаппай сенбілік 21 сәуірге белгіленді.