«Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды

None
Фото: primeminister.kz
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары монополистің табиғи монополиялар саласындағы заңдылықты сақтауын тексерді.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында қала тұрғындарына жылу энергиясын сапасыз жеткізу түрінде бекітілген температуралық кестенің параметрлерін жүйелі түрде сақтамауын ескере отырып, ТМРКД әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс жүргізуді қозғау арқылы ден қою шараларын қабылдады. Құқық бұзушылықтар жиынтығында осы баптың санкциясы 27 600 000 теңге мөлшерінде айыппұл көздейді.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіппен 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% мөлшерінде 13 800 000 теңге айыппұл төледі.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum