Екінші баламызды күтіп жүрміз - Геннадий Головкин

«Ағам Максим АҚШ-та әрдайым менімен бірге, өйткені ол команданың бір мүшесі, әрі менің жаттықтырушыларымның бірі. Жұбайым мен балам да қасымда. Балам америкалық мектепте оқып қуантып жүр. Қазір әйелімнің аяғы ауыр. Екінші баламызды күтудеміз. Ол осында АҚШ-та дүниеге келеді», - деді Головкин.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады . Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.