Екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдау аясында 5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды - Қ, Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдау аясында 173 млрд. теңге игеріліп, 5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жылдан бастап «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы «Даму» қоры екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлерді қолдаудың бірқатар бағдарламаларын іске асыруда. 2007 жылдың желтоқсан айында Үкімет бөлген 48,8 млрд. теңгенің үлестіру көрсеткішін ескергенде 52 млрд. теңгесі игеріліп қойды. 50/50 бағдарламасына «Самұрық-Қазына» қорының 50 млрд. теңге қаржысынан бөлек, тағы да осындай мөлшерде банктердің қаржылары қатысты. Қазіргі таңда бұл қаржының 113 млрд. теңгесі игерілді», деді отырыста Қ. Келімбетов. Оның сөзіне қарағанда, «Даму» қорының өңірлердегі әкімдіктермен бірлескен бағдарламасы аясында шамамен 8 млрд. теңгесі игерілген. Қордың игерілмеген қаржысының бір бөлігі 22 млрд. теңге наурыздың 15-не дейін игерілетін болады. Бұл ретте банктермен тиісті келісімдерге қол қойылған. «Осылайша банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдау аясында 173 млрд. теңге игерілді. 5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бұл қаржының басым бөлігі Алматы, Астана қалаларында және Қарағанды облыстарында игерілді», деді ол. «Тұрақтандыру бағдарламалары аясында қаржыландыру шағын және орта бизнес үшін банктердің несиелік қоржынындағы елеулі үлес алатындығын атап өту қажет. Бүгінде мемлекеттік қаржыландыру көрсеткіші банктердің несиелік қоржынының 15 пайызынан асты. Кейбір өңірлерде тұрақтандыру бағдарламалары шағын және орта бизнес үшін банктердің несиелік қоржынында 25 пайыздан артық. Ал Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы мемлекеттік үлес тіпті 35 пайыздан асты», деді Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар