Екінші деңгейлі банктер ипотекалық қайта қаржыландыру бойынша алған қаражаттарын «Самұрық-Қазына» қорына біртіндеп қайтарып жатыр

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның екінші деңгейлі банктері ипотекалық қайта қаржыландыру бойынша берілген  қаражаттарды «Самұрық-Қазына» қорына біртіндеп қайтарып жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент  Сенатында өткен Үкімет сағатында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлім етті.

Қор өкілінің айтуынша, дағдарыс кезеңінде Қазақстандағы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын 2008 жылдан бері 30 мың салымшы пайдаланған.

«Жалпы ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруға 120 млрд, теңге ұсынылды. Бұл қаражат депозит ретінде 11 екінші деңгейлі банктерге орналастырылған болатын. Депозит 6,8 пайыздық ставкамен 2029 жылға дейінгі мерзімге орналастырылған", - дейді Е. Бахмутова.

Оның айтуынша, ағымдағы уақытта банктер өздеріне орналастырылған қаражатты біртіндеп қайтаруда. «Соңғы қайтару мерзімі 2029 жылға белгіленген», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар