08:06, 07 Мамыр 2009 | GMT +5
Екінші деңгейлі банктердің филиалдары «Даму» бағдарламасының қаражатын жайғастыру бағдарламасы аясындағы шағын бизнесті несиелендіруге асығар емес - Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Екінші деңгейлі банктердің Жамбыл облысында жұмыс істейтін 16 филиалының тек алтауы ғана

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының Шағын және орта бизнесті қайта қаржыландыру және несиелеу бағдарламасы аясында үшінші транш бойынша жобаларды қаржыландырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таразда жамбылдық кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банк өкілдерінің арасында болған кездесу барысында осындай мәлімет жария етілді. Сәуірдің 24-індегі жағдай бойынша, 1,47 миллиард теңге соманың 29 жобасы қаржыландырылған: 10 жобаны «БТА банкі» АҚ, 7 жобаны - «Қазақстанның Халық банкі», алты жобаны ? «АТФ Банк», үшеуін - «Альянс банк», екі жобаны ?«Казкоммерцбанк» және бір жобаны ?«БанкЦентрКредит» несиелеген. «Еуразиялық банк», «Цесна банк», "Кaspi bаnk» және басқа да банктердің филиалдары бірде-бір жобаны қаржыландырмаған. Кәсіпкерлер мен банкирлердің кездесуіне сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының Жамбыл филиалының мүшелері, «Даму» қорының аймақтық филиалының басшылары, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өкілдігінің адамдары, т.б. қатысты.