Екінші жартыжылдықта Еуроодақ Кеңесіне Швеция төрағалық етеді

БРЮССЕЛЬ.  Шілденің  2-сі. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -  Швеция шілденің  1-інен бастап   Чехиядан   Еуропалық  Одақ Кеңесіндегі төрағалықты  қабылдап   алды. 
None
None

 Екінші  жартыжылдық бойына  ел  үкіметі  Еуроодақ   кездесулерінде жетекшілік ететін болады,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл алты ай  біз    үшін    оңай  болмайды,  бізді алдымызда       үлкен  істер күтіп тұр», - дейді  Швеция  премьер-министрі Фредрик  Райндфельд.   Премьердің  пікірінше,   ең бастысы -  Еуроодақтың    басын  қосып,      қаржы-экономикалық дағдарыс    және климаттың  өзгеруі сияқты    ығыттарға    бірігіп  жауап беру.

Швеция басқа  да маңызды міндеттердің қатарына      әділ сот және  ішкі істер мәселелеріндегі Еуроодақ  ынтымақтастығын   дамыту мен   нығайтуды анықтап  отыр,  бұл шаралар      халықаралық  қылмыспен   тиімді  күресуге мүмкіндік береді, деп  санайды   Швеция тарабы.

Соңғы жаңалықтар