ЕҚҚДБ арнайы қорларының қаражатын пайдалануға арналған келісім қабылданды - Парламент

Аталған түзету бойынша ЕҚҚДБ құру туралы келісімнің арнайы қорларының қызметін реттейтін өзгерістер көзделеді. Бұл ретте арнайы қорлар артықшылықтар мен иммунитеттерді беруге арналған активтерді білдіреді.
Осыған орай бірнеше арнайы қорлар құрылады және олардың әрқайсысы осындай қордың мақсаттарына сәйкес жеке-жеке пайдаланылады. Сонымен қатар заң бойынша арнайы қорлардың қаражатын ықтимал алушы елдерде пайдалану көзделеді. Бұл үшін Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі мүшелері иеленетін дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен шешім қабылдануы қажет.
Жалпы алғанда, келісімдегі өзгерістер негізінен арнайы қорлардың қаражатын ықтимал алушы елдерде олар осы мәртебені алғанға дейін пайдалану үшін құқықтық негізде жасауға бағытталады. Қазіргі кезде мұндай елдердің қатарына Египет, Марокко, Тунис және Иордания сияқты Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің елдері жатады.
Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.