Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі архивтік фотолар жанданды

АСТАНА. KAZINFORM – Тарихи суреттер заманауи технологияның көмегімен жанданады.

Архивное фото стрелковой команды времен ВОВ «ожило»
Фото: Kazinform

Фото 1941 жылы 28 қарашада Қызыл-Орда қаласында (қазіргі Қызылорда) түсірілген. 

Суретте №24 Қызылорда күріш зауыты атқыштар командасының командирі Ф.С. Сибнев және нысанадағы жұмысшылар ату жаттығуынан кейін. 

Еске салайық, Жеңістің 80 жылдығына орай Президент Телерадиокешені ерекше жобаны іске қосты. Kazinform агенттігінің фотомұрағатындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кезінде түсірілген сирек суреттер жаңа технология көмегімен түрлі түске боялып, қимылдайды.

Жоба еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларындағы LED экрандардан көрсетіледі.

Айта кетсек, 5 мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолдауымен «ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ. KAZINFORM ФОТОШЕЖІРЕСІ» атты фотокөрме ашылады.

Бұған дейін еліміздің батыр қызы Әлия Молдағұлованың портреті жаңа технология көмегімен жанданғаны туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар